Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі (Жоба) (2003 ж. 30 мамыр) (күші жойылды)

Предыдущая страница

жергiлiктi деңгейде мемлекеттік тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн дамыту;

жастардың экономикалық белсендiлiгiн қолдау мен дамыту арқылы жастар саясатын жүргiзу;

зоопарктер мен дендропарктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

8) ауыл, су, орман шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау:

гидротехникалық жүйелердiң және жергiлiктi маңызы бар құрылыстардың жұмыс iстеуін қамтамасыз ету;

жергілiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау және қорғау;

ормандарды сақтау, қорғау, жаңғырту және орман өсiру;

хайуанаттар әлемiн қорғау;

шағын өзендердi қорғау схемаларының жобаларын жасау;

жергілiктi маңызы бар су қорғау аймақтары мен шағын өзендер алқаптарының, су қоймалары мен су шаруашылығы жүйелерінiң жобаларын жасау;

өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы қоймаларды (сақтауханаларды) салу, ұстау;

экологиялық бақылауды қамтамасыз ету, табиғат қорғау шараларын өткізу;

жер бөлу жұмыстарын ұйымдастыру;

9) сәулет-құрылыс қызметi:

құрылыс пен сәулет қызметiнде бақылауды қамтамасыз eту;

адамдар жаппай келетiн ғимараттар мен тiршiлiк объектiлерiнiң сейсмикалық төзiмдiлiгiн және сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

республикалық маңызы бар қала, астана аумағында кешендi қала құрылысын жоспарлау;

қала салу жоспарларын iске асыру;

бас жоспар жасау, республикалық маңызы бар қала, астана аумағындағы шекараларды белгiлеу мен өзгерту;

10) көлiк және коммуникациялар:

iшкi қатынастарға әлеуметтік маңызы бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру; жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта салу, жөндеу және ұстау;

11) экономикалық қызметтi реттеу:

кәсiпкерлiк қызметті қолдау;

12) басқа да бағыттар:

республикалық бюджетке ресми трансферттер;

жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету.

2. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiнен сондай-ақ мыналарға шығындар қаржыландырылады:

кадрларды қайта даярлауды және аталған мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттік мекемелер қызметiн қамтамасыз ету;

осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламалар;

республикалық маңызы бар, заң актілерінде көзделген қаланы, астананы мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдарының өзге де қызметтерi.

3. Республикалық маңызы бар қаланың бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген штат санының жалпы лимитi мен нақты нормалары негiзiнде жоспарланады.

54-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң шығыстары

1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету:

аудандық (қалалық) деңгейдегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жұмыс iстеуi;

аудандық (қалалық) деңгейде экономикалық және бюджеттік жоспарлау;

аудандық (қалалық) бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;

салық салу мақсатында мүлiктi бағалауды өткізу;

аудандық (қалалық) деңгейдегi коммуналдық мемлекеттік меншiктi басқару;

2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:

әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру (жинау) пункттерiмен, медикаменттермен, аспаптармен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызметкерлерге қызмет көрсететiн адамдармен қамтамасыз ету жөніндегі жалпыға бiрдей әскери мiндеттердiң атқарылуы шеңберіндегі шаралар және медициналық комиссиялар құру;

аудандық (қалалық) ауқымды төтенше жағдайларды болдырмау және жою;

аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

медициналық айықтырғыштардың, кәмелетке толмағандарға, тұрғылықты тұратын орны мен құжаттары жоқ адамдарға, әкiмшiлiк тәртіппен тұтқынға алынғандарға арналған қабылдау орындарының жұмыс iстеуi;

елдi мекендерде жолда жүру қауіпсiздiгін қамтамасыз ету;

азаматтық хал актілерінiң жазбасы жөніндегі қызметтi қамтамасыз ету;

3) білім беру:

балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту;

оқытудың кешкi (ауысымдық) нысанын және интернаттық тұрпаттағы ұйым арқылы орта жалпы білім берудi қоса алғанда, азаматтарға мiндеттi жалпы орта білім берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

бастауыш кәсiби білім;

аудандық (қалалық) ауқымда мектеп олимпиадаларын өткізу;

балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша білім беру;

мiндеттi орта жалпы білім беру мекемелерiне арналған оқулықтарды сатып алу және жеткізу;

4) әлеуметтiк көмек пен әлеуметтiк қамсыздандыру:

тұрғын үй көмегi;

мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;

тұрғылықты тұратын жерi жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу;

халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек;

жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек;

5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тұрғын үйлер мен жер учаскелерiн алып қою және сатып алу;

коммуналдық меншiкте тұрған тазарту, дренаж желiлерiнiң, су құбырлары, жылу және электр желiлерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

елдi мекендердi санитариялық жағынан қамтамасыз ету;

жерлеу орындарын ұстау және кезбелердi жерлеу;

елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру;

елдi мекендердi көркейту мен көгалдандыру;

елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастыру;

6) мәдениет және спорт:

жергiлiктi маңызы бар театр өнерiн қолдау;

жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын және оларға қол жеткізудi қамтамасыз ету;

жергiлiктi деңгейде қызықты мәдени-бұқаралық шаралар өткізу;

аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi;

азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша және халықтың жаппай демалыс орындарында дене тәрбиесi мен спортпен айналысу үшiн жағдайлар жасау;

бұқаралық дене тәрбиесi-сауықтыру қозғалысын дамыту;

аудандық деңгейде спорт-сауықтыру шараларын өткізу;

зоопарктер мен дендропарктердiң жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

7) ауыл шаруашылығы:

өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы қоймаларды (сақтауханаларды) салу, ұстау;

жердi бөлу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

8) көлiк және коммуникациялар:

аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта құру, жөндеу және ұстау;

поселке iшiндегі (қала iшіндегі) қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру;

9) басқа да бағыттар:

облыстық бюджетке ресми трансферттер.

2. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен мыналарға шығындар қаржыландырылады:

осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттік мекемелер қызметiн қамтамасыз ету;

осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламалар;

заң актілерінде көзделген ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдарының өзге де қызметтерi.

3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландыратын жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген штат санының жалпы лимитi мен нақты нормалары негiзiнде жоспарланады.

3-бөлiм. Бюджет қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік басқару

9-тарау. Бюджет қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік басқару

органдарының құзыреті

55-бап. Бюджет қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік басқарудың құрылымы

Бюджет қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік басқару құрылымын:

Қазақстан Республикасының Президентi;

Қазақстан Республикасының Парламентi;

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;

Қазақстан Республикасының Yкіметі;

экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган;

бюджеттік жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган;

бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган;

iшкi бақылау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган;

мәслихат;

жергілiктi атқарушы орган құрайды.

56-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыретi

Қазақстан Республикасының Президентi бюджет қатынастарын реттеу саласында:

республикалық бюджет жобасын әзiрлеу және оның атқарылуы туралы есеп тәртiбін белгiлейдi;

республикалық бюджет комиссиясын құрып, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын белгiлейдi;

Қазақстан Республикасы аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешiм қабылдайды және оның әзiрлеу тәртібін белгілейдi;

елдегі жағдай мен республика iшкi және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негiзгi бағыттарын белгiлейдi;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы ереженi бекiтедi;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру мен пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемi мен бағыттары жөнiнде шешiмдер қабылдайды;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру және пайдалану туралы есептердi бекiтедi;

Осы Кодекспен көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекiтедi.

57-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң құзыретi

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi бюджет қатынастарын реттеу саласында:

республикалық бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асырады;

төтенше мемлекеттік бюджеттiң атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;

мемлекеттік қаржы бақылауының cтандарттарын және мемлекеттік қаржы бақылауы органдары қызметкерлерiнiң этика кодексiн бекiтедi;

республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзу тәртібін белгiлейдi;

бақылау шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.

58-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Yкіметі бюджет қатынастарын реттеу саласында:

Қазақстан Республикасының Парламентiне республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады;

республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне табыс етедi;

жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу тәртібін белгілейдi;

республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу тәртібін белгiлейдi;

тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулы қабылдайды;

үкiметтiк қарызды жүзеге асырады;

шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн бекiтедi;

орта мерзiмдiк фискальдық саясат жасау тәртібін белгiлейдi;

инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау тәртібін белгiлейдi; үшжылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн бекiтедi;

мемлекеттік бюджетке салықтан тыс төлемдер түсiмдерiн өндiрiп алуғa және оларға бақылау жасауға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органдардың тiзбесiн, олардың бюджетке аударылу тәртібін белгiлейдi;

Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттік емес қарыздары бойынша мемлекеттік кепiлдiктер беру қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдайды;

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік емес заемдар бойынша мемлекеттік кепiлдiктер беру тәртібін, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету, оларды тiркеу мен есепке алу тәртібін, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз мониторингi және оны басқару тәртібін белгiлейдi;

мемлекеттік мекемелердiң өз иелiгінде қалған тауарларды (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткізуден түсетiн ақшаны жоспарлау мен пайдалану тәртібін белгiлейдi;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтердi есептеу, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервiн қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгiлейдi;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін және рұқсат етiлген қаржы және өзге активтерiнiң тiзбесiн белгiлейдi;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитi өткiзiлуін қамтамасыз етедi;

бюджеттік алымдарды төменгi тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке және бюджеттік субвенцияларды жоғары тұрған бюджеттен төменгі тұрған бюджеттерге аударудың тәртібі мен кезеңдiлiгiн белгiлейдi;

жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемдерi есептерiнiң әдiстемесiн белгiлейдi;

?кіметтiң орта мерзiмдi фискальдық саясатын бекiтедi;

нақты нормаларды бекiтедi;

бiрыңғай бюджеттік жiктеменi бекітедi және оны жасау тәртібін анықтайды;

бюджет бағдарламалары тиiмдiлiгiн бағалау тәртібін белгiлейдi;

iшкi бақылау өткізу тәртібін белгiлейдi;

орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың аумақтық органдары мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң штат санының лимитiн бекiтедi;

жергiлiктi мемлекеттік басқарудың үлгi құрылымын және жергiлiктi атқарушы органдардың штат саны лимитiн бекiтедi;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру және пайдалану туралы жылдық есеп жасайды.

59-бап. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң орта мерзiмдi фискальдық саясатын жасайды;

тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын жасайды және Қазақстан Республикасы Үкіметіне қарауға ұсынады;

тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулының жобасын жасайды;

бюджеттік өтiнiш жасау мен беру тәртібін белгiлейдi;

мемлекеттік мекемелердiң өз иелiгiнде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн түсiмдер мен ақша шығыстарының болжалын жасау нысанын белгiлейдi;

бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiн айқындайды:

бiрыңғай бюджет жiктемесiнiң жобасын жасайды;

жылдық қаржыландыру жоспарын жасайды және бекiтеді;

республикалық бюджеттi нақтылау (түзету) жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; бюджет бағдарламаларының тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады;

мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз саясатын әзiрлейдi;

мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз бен қарызды жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;

бюджеттік кредиттеу саясатын әзiрлейдi;

бюджеттік кредиттеудi жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

60-бап. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi

Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджет қатынастарын реттеу саласында:

республиканы әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының жобасын әзiрлейдi;

басым инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады;

мемлекеттік кепiлдiктердi тартуға басым өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Yкіметіне бекітуге енгiзедi;

бюджет инвестициялары мен мемлекеттік кепiлдiктердiң тиiмдiлiгiне баға бередi;

Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

61-бап. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегi орталық уәкiлетті органның құзыреті

Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:

республикалық бюджеттi атқарады және жергiлiкті бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетедi;

тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын жасауға қатысады; тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулының жобасын жасауға қатысады;

бюджетке түсетiн түсiмдердi болжауға және мемлекеттік бюджетке кiрiстердiң түсуi саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басым бағыттарын белгiлеуге қатысады;

республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекiтедi және оған өзгерістер енгiзедi;

республикалық бюджет бағдарламаларының әкiмшiлерiне рұқсаттар бepeдi;

мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеудi жүзеге асырады;

мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асырады;

уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне салымдарға (депозиттерге) орналастырады;

банктiк шоттардан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін белгiлейдi:

осы Кодекспен көзделген жағдайларда қаржыландыруды тоқтата тұрады;

бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі орталық уәкiлетті органдағы мемлекеттік мекемелердiң шоттарын ашу, жабу және жүргiзу тәртібін белгiлейдi;

бюджет есебiн жүргізу тәртібін белгiлейдi;

есеп-қисап жасау және ұсыну тәртібін белгiлейдi;

үкiметтік қарыздарды алады, пайдаланады, тiркейдi, өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өзi айналысқа салған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттік емес қарыздарының мемлекеттік кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етедi;

бюджет қаражатын игеру мониторингiн жүзеге асырады;

республикалық бюджеттiң атқарылуы барысында республикалық бюджет бағдарламаларының тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады;

республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуы, бюджеттік есеп, есептiлiк жөніндегі әдiснамалық басшылықты жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргізедi, үкiметтiк қарыздар шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттік емес қарыздары бойынша мемлекеттік кепiлдiктер бередi;

мемлекеттік кепiлдiктерi бар үкiметтiк және мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге екiншi деңгейдегi банктердi iрiктеп алады, конкурстық негiзде белгiлейдi және оларға уәкiлеттiк бередi;

республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджет кредиттерi мақсатты пайдалануына берiлуiне, қызмет көрсетуге, қайтаруға және бақылау жасайды, оларды есепке алуды, мониторингiн қамтамасыз етедi;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

62-бап. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi

Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:

республикалық және жергiлiктi бюджеттерге iшкi бақылауды жүзеге асырады;

республикалық және жергiлiктi бюджеттepдiң атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджет заңдары талаптарының бұзылу себептерiне баға бередi;

бюджет бағдарламалары (кiшi бағдарламалары) орындалуының тиiмдiлiгi мен нәтижелiгiне баға бередi;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

63-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының құзыретi

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты:

жергiлiктi бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi бекiтедi;

жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылауды жүзеге асыратын тексеру комиссиясын сайлайды;

жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылау жүргiзу туралы есептердi қарайды.

64-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң құзыретi

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi:

жергiлiктi бюджет жобасы мен оның атқарылуы туралы есептi мәслихатқа табыс етедi;

жергiлiктi бюджеттi әзірлейді және оның атқарылуын қамтамасыз етедi; тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы жергiлiкті өкiлдi органның шешiмдерiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;

жергiлiктi атқарушы органның орта мерзiмдi фискальдық саясатын бекiтедi;

экономикалық, бюджеттік жоспарлау, бюджеттiң атқарылуы жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органдарды құрады;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауданның (аудандық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын белгiлейдi;

осы Кодекспен көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергілiктi қаржы жоспарын бекiтедi;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

10-тарау. Бюджет комиссиялары

65-бап. Бюджет комиссиялары туралы негiзгi ережелер

1. Бюджет комиссиясы - бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзiрлеу мен бюджеттi нақтылау және атқару жөнiнде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын комиссия.

2. Бюджет комиссиялары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Кодекс, Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актілері құрайды.

3. Республикалық бюджет комиссиясы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет комиссиялары өз қызметiн тұрақты негiзде жүзеге асырады.

66-бап. Бюджет комиссияларының құзыретi

Бюджет комиссияларының құзыретiне:

алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдiк фискальдық саясат жөнінде ұсыныстар әзiрлеу;

тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткiштерiн белгiлеу;

алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылы қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды iрiктеу, орта мерзiмдiк фискальдық саясатты негiзге ала отырып оларды iске асыру тетiгiн белгiлеу;

республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттердi нақтылау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

бюджет бағдарламаларының іске асырылуын бағалау нәтижелерін қарау;

осы Кодекспен, сондай-ақ бюджет комиссиялары туралы ережелермен көзделген өзге де өкiлеттiктер кiредi.

67-бап. Бюджет комиссияларының органдары

1. Мыналар:

бюджет комиссиясының төрағасы;

бюджет комиссиясы төрағасының орынбасарлары;

бюджет комиссиясының хатшысы;

бюджет комиссиясының жұмыс органы - бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджет комиссияларының органдары болып табылады.

2. Бюджет комиссиясының төрағасы оның қызметiн басқарады, бюджет комиссиясының отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылау жасайды және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауап бередi. Бюджет комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның мiндеттерiн төраға тағайындаған бюджет комиссиясы төрағасының орынбасары орындайды.

3. Бюджет комиссиясының хатшысы бюджет комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестiредi, бюджет комиссиясы отырыстарының хаттамаларын дайындайды.

4. Жұмыс органы бюджет комиссиясы белгiлейтiн мерзiмдер мен күн тәртіптерiне сәйкес бюджет комиссиясының отырыстарына материалдар әзiрлейдi.

Ерекше бөлiк

4-бөлiм. Бюджетті әзiрлеу және бекіту

11-тарау. Бюджеттi жоспарлау негіздерi

68-бап. Бюджеттi жоспарлау туралы жалпы ережелер

1. Бюджеттi жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсiмдерiнiң көлемiн және олардың басымдығын ескере отырып, елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын белгiлеу жөніндегі шешiмдердi әзiрлеу процесi болып табылады.

2. Бюджет бiр қаржы жылына жоспарланады. Кезектi қаржы жылына арналған бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде бюджеттiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамы жасалады.

3. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

69-бап. Бюджеттi жоспарлау қағидаттары

Мыналар бюджеттi жоспарлаудың негiзгi қағидаттары болып табылады:

сабақтастық қағидаты - бюджеттi алдыңғы кезеңде негізге алынған орта мерзiмдi фискальдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы жылдардың бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау;

басымдық қағидаты - бюджеттi алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау; негіздiлiк қағидаты - бюджеттi бюджет жобасына белгiлi бiр немесе өзге де түсiмдердi немесе шығыстарды енгізу қажеттiгiн және олардың көлемдерiнiң дұрыстығын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер мен басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау.

70-бап. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискальдық саясатты белгiлеу

1. Орта мерзiмдi фискальдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын белгiлейтiн құжат болып табылады, соның iшiнде:

мемлекеттік, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерi;

бюджеттік бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерi;

бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары;

республиканың немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың бюджеттік тетiктерi мен тәсiлдерi;